Туған елдің тыныштығы мен тұтастығын қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туған елдің тыныштығы мен тұтастығын қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы

04.06.2022

Туған елдің тыныштығы мен тұтастығын қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. 

 – Сіздер Қарулы Күштеріміздің 30 жылдығында офицер атанғалы тұрсыздар. Бұл – үлкен абырой, зор жауапкершілік. Сондықтан осы мәртебеге лайық болып, көпшілікке үлгі-өнеге көрсетулеріңіз керек. Туған елдің тыныштығы мен тұтастығын қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Тәуелсіздік туын биік ұстау – Отан күзетінде тұрған әрбір ұланның абыройлы міндеті. Ерлік істер осындай патриоттық сезімнен бастау алады. Сіздер ел үмітін ақтайсыздар деп сенемін. Әскери шендеріңіз құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін! – деді Мемлекет басшысы.

Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орнының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицер погонын алды.

ҚР ҚМ Құрлық әскерлері әскери институты:

1) Амангелді Еламан Сержанұлы 2) Фоменко Дмитрий Борисович

ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты:


3) Кемел Руслан Ерланұлы

4) Алтынбек Дінмұхаммед Ғаниұлы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясы:

5) Жұрынбай Ертай Ерболатұлы;

6) Тенизбаев Даулетбек Сабырбекұлы

ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы:

7) Баизбаев Нуржан Бауыржанович

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы:

8) Цемох Полина Олеговна ҚР Ұлттық ұлан академиясы:

9) Горбуль Данила Васильевич 10) Қазытай Бейбіт Бақытжанұлы

ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы:

11) Жеңіс Ролан Қаппарбекұлы 12) Саятұлы Бекзат.

Хабарламаларға жазылу