Қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқан сегіз адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Жамбыл облысы Тараз қаласының №2 қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Айыпталушылар қаңтар оқиғасы кезінде шеруге қосылып, күштік құрылымдарға қол жұмсап, полицейлердің қалқандары мен қаруларын тартып алған. Мемлекеттік мекеме ғимараттарына тас лақтырып, қызметтік көліктерді қиратқан. Осылайша қылмыстық кодекстің 272-ші тәртіпсіздік бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Еске салсам бұған дейін қаңтар оқиғасына қатысты 331 адам сотталды.