Қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқан сегіз адамға сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқан сегіз адамға сот үкімі шықты

03.06.2022

Елімізде қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысқан сегіз адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Жамбыл облысы Тараз қаласының №2 қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Айыпталушылар Қаңтар оқиғасы кезінде шеруге қосылып, күштік құрылымдарға қол жұмсап, полицейлердің қалқандары мен қаруларын тартып алған. Одан бөлек, мемлекеттік ғимараттарға тас лақтырып, қызметтік көліктерді қиратқан. Осылайша тәртіп бұзғандар Қылмыстық кодекстің 272-ші тәртіпсіздік бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, бұған дейін елімізде Қаңтар оқиғасына қатысты ұрлық, тонау, қару ұстау және ұрлау істері бойынша ғана сот үкімі шыққан еді. Ол бойынша 331 адам сотталды. 

Хабарламаларға жазылу