Көкшетаулық депутаттар еңбек ұжымымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулық депутаттар еңбек ұжымымен кездесті

03.06.2022

 Ата заңға енгізілетін өзгерістерді тұрғындар арасында түсіндіру жұмысы жалғасуда.

 Мәжіліс депутаттары «Көкшетау минералды сулары» кәсіпорнында болып, зауыт қызметкерлерімен жүздесті.

Конституцияның жаңа редакциясында президенттің саяси партия құрамында болмауы көзделген. Сондай-ақ, мемлекет басшысының жақын туыстары жоғары саяси лауазымдарда, квазимемлекеттік секторда басшылық қызметте бола алмайды. Конституциялық сот пайда болады. Оған азаматтар да жүгіне алады. Парламенттің мәртебесі артпақ. Депутаттарды сайлау тәртібі де өзгереді деп күтілуде. Мажоритарлық сайлау жүйесінің енгізілуін көпшілік құптайды.

 Кездесу барысында өзге де өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.

Жеңіс Тұранов, кәсіпорын жұмысшысы:
Депутаттарды жеке-жеке сайлағанды мен соған тілегімді білдіргім келеді. Солай болған дұрыс деп ойлаймын. Неге десеңіз? Оны өзіміз сайлап алсақ, мысалы, ұнамай қалса, істей алмаса, жұмысын онда басқасын ауыстыруға болады. Осы «КөкшетауМинВоды»-да 600-700 адам жұмыс істейді. Солар бәрі қатысамыз деп отыр.


Хабарламаларға жазылу