«Amanat» партиясы штабының мүшелері өңірдегі ірі жол құрылысы кәсіпорнының ұжымымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясы штабының мүшелері өңірдегі ірі жол құрылысы кәсіпорнының ұжымымен кездесті

02.06.2022

Батыс Қазақстан облысында жүрген «Amanat» партиясы референдумды түсіндіру жөніндегі республикалық штабының мүшелері өңірдегі ірі жол құрылысы кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Алдағы референдумның маңызын, Ата Заңға енгізілетін түзетулер мен толықтыруларды түсіндірді. Ал жұмысшылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Көпшілігі елдегі өзгеріс үшін референдумға барып, таңдау жасайтындарын жеткізді.

Мәлік Құлшар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бүкіл 12 ауданды аралап, Орал қаласында көптеген мекемелерде кездесулер өткіздік. Негізінен халқымыз референдумды қолдап, өз ойларымен бөлісіп жүр. Әрине, Конституцияға тағы да мынадай өзгерістер енгізілсе қайтеді, мына баптар былай жазылса деген үлкен пікірлер айтылды. Біз оның барлығын республикалық штабқа жеткіздік.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу