Орталық референдум комиссиясының өкілдері Ислам ынтымақтастығы ұйымы байқаушыларымен кездесті.
Аталған халықаралық ұйым тарапынан дауыс беру процесін бақылау үшін төрт шетелдік өкіл ресми түрде тіркелді. Олар Алматы мен Елордадан басқа өңірлерге де шығуды жоспарлап отыр. Байқау науқаны бір аптаға созылады. Сайлау қорытындысы бойынша байқаушылар референдум аяқталған соң есеп береді.
Еске сала кетейік, дауыс беру процесін бақылауға 25 мемлекеттен 272 шетелдік байқаушы тіркелді.
Шәкір Махмуд Бандар, Ислам ынтымақтастығы ұйымы сайлау бөлімінің басшысы:
Біздің командамыз өте тәжірибелі. Біз 2005 жылдан бері көптеген мелекеттерде сайлау процестеріне байқау жүргізіп келеміз. Тапсырманы орындап шығатынымызға толық сенімдіміз.