Референдум – Жаңа Қазақстан құрудағы маңызды қадам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум – Жаңа Қазақстан құрудағы маңызды қадам

02.06.2022

Конституцияға енгізілетін демократиялық өзгерістер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ғана емес, мемлекеттік аппарат қызметіне де елеулі серпін береді. Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай осылай деді.

«Референдум – жаңа Қазақстан құрудағы маңызды қадам» деп аталған жиында 14 өңірден келген заң консультанттары бас қосты. Олар Конституциялық соттың құрылуын, адам құқықтары жөніндегі уәкіл рөлінің күшеюін, өлім жазасының күшін жою сияқты бірқатар нормаларға қолдау білдірді.

Заңгерлер осыған дейін жер-жерді аралап, халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Серік Ақылбай, Республикалық Заң консультанттары алқасының төрағасы

Өз конститутциялық құқықтарыңызды қолдаңыздар екен. «Жаңа Қазақстан», «Екінші Республика» құрамыз десеңіздер, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарсын десеңіздер, әрқайсысының құқығы сақталсын десеңіздер, референдумға қатысыңыздар.


Хабарламаларға жазылу