Балқашта әріптесіне оқ атты деген күдікпен әскери қызметкер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқашта әріптесіне оқ атты деген күдікпен әскери қызметкер ұсталды

02.06.2022

Балқашта әріптесіне оқ атты деген күдікпен әскери қызметкер ұсталды. Бүгін Бас әскери прокуратура осындай хабралама таратты.

Еске салайық, 30 мамыр күні 53 898 гарнизонында офицер жараланып, ауруханаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша ол әлі де ауыр халде жатыр.

31 мамыр күні күдікті ретінде оның әріптесі ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша оқыс оқиға қауіпсіздік талаптарын сақтамағаннан болған. Қазір бұл жағдай бойынша арнайы тергеу тобы құрылып, қылмыстық іс қозғалды.


Хабарламаларға жазылу