Италияда «Этна» жанартауынан лава төгіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда «Этна» жанартауынан лава төгіліп жатыр

02.06.2022

Италияда «Этна» жанартауынан лава төгіліп жатыр

Италияның әйгілі «Этна» вулканы оянып, одан қып-қызыл лава төгіліп жатыр. Биіктігі 3 шақырымнан асатын жанартау бірнеше апта бұрын қайта белсенділік таныта бастаған. Сицилия аралының аспанына шоқ пен күл шашылды.

Еуропаның ең биік әрі ең мазасыз вулканында лаваның температурасы 700-800 градусқа жетеді. Сондықтан жергілікті үкімет тұрғындарға тауға жақын аймақтарға жоламауға кеңес беріп отыр.

«Этнаның» атқылауы туралы алғашқы деректер біздің дәуірімізге дейін 425 жылы пайда болды. Дегенмен жиі оянатын жанартау жақын маңдағы Катания қаласының халқына айтарлықтай зиянын тигізе қоймайды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу