Украинада әскери қақтығыс жалғасып жатқан шақта Ресейдің жалпы ішкі өнімі жыл басынан бері алғаш рет үш пайызға кеміді. Мұны елдің Экономикалық даму министрлігі хабарлап отыр.
Оның мәлімдеуінше, өндірістің қысқаруына бұрын-соңды болмаған санкциялар мен логистикалық проблемалар себеп. Бұл - құлдыраудың баcы ғана. Болжамдарға қарағанда, 2022 жылдың қорытындысы бойынша, Ресей экономикасы 8-12 пайызға қысқаруы мүмкін. Ал «Росстаттың» дерегінше, елде автомобиль өндірісі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 85 пайызға азайыпты.
Арыстан Рысбек