ШҚО-да Риддер қаласы мен оның аумағында былтырғы өрттен қалған орман биыл оталып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да Риддер қаласы мен оның аумағында былтырғы өрттен қалған орман биыл оталып жатыр

01.06.2022

Шығыстағы Риддер қаласы мен оның аумағында былтырғы өрттен қалған орман биыл оталып жатыр. Жергілікті белсенді азаматтар осылай деп дабыл қағуда. Олардың айтуынша орманды күзетуге жауапты мамандардың өздері қураған ағашты емес, жайқалған жас өскіндерді де кеседі. Тұрғындар бұған дәлел-дәйегіміз жетеді, деп отыр. Соған сәйкес құқық қорғау органдарынан Риддер орман шаруашылығы мекемесіне тексеру жүргізуді талап етіп отыр. Ал облыстық табиғи ресурстар басқармасындағы жауапты мамандар Риддер орманында ешқандай заң бұзушылық болып жатқан жоқ дегеннен таймай келеді. Тек өрттен соң күйік шалған ағаштар ғана санитарлық тазалық үшін кесілетінін айтады. Былтырдан бері орманның неге тазаланбағынын - өрттің себебін анықтау бойынша тергеудің ұзақ жүргенімен байланыстырады. Алайда бұл уәжбен жергілікті экологтар мен белсенді азамттар келіспей отыр. Тіпті орман арасы арқылы электр бағаналарын орнату кезінде де ағаштарды кесу аумағы да, дұрыс белгіленбеген, дейді.

Наталья Денисова, қоғам белсендісі:

Мына бағаналар кесілетін ағаш бағытын көрсетеді. Бұл жерге қатты қағылып, мықты орналасу керек әрі осы аумақ туралы толық ақпарат болуы қажет. Ал мында түк жоқ.

Мұрат Құсайынов, Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы:

Бар шығар бір заң бұзу. Бәрі жақсы болмайды. Бірақ былай кесіп жатқан жұмыстар дұрыс деп ойлаймын, бұны біз түгел жойып бұл ағаштардың бәрін алып жерді дайындауымыз керек. Келесі көктемде 200 мың қарағай отырғызамыз.


Хабарламаларға жазылу