Үкімет басшысы: Қолданыстағы бағдарламалар туризмді түлетуге сай келмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы: Қолданыстағы бағдарламалар туризмді түлетуге сай келмейді

01.06.2022

Қолданыстағы бағдарламалар туризмді түлетуге сай келмейді. Саланы сауықтыру үшін нақтылық қажет. Үкімет басшысы туристік әлеуеті жоғары өңірлерде инфрақұрылым мен сервис мәселесін шешуді тапсырды. Саяхаттаушылар баратын аумақтарды абаттандыру керек. Келушілердің діттеген жеріне жету жағы да кемшін. Әуе, тасжол мен теміржол арқылы сапарлау қиынға соқпауы тиіс. Бәрі де инвестицияға тіреледі. Әкімдер соны реттеуге міндетті. Сондай-ақ, экотуризм нысандарында қызмет көрсету деңгейін көтеру маңызды. Бірақ, артық қыламын деп тыртық қылмауы керек. Яғни, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйесін қатаң сақтау шарт. Әлихан Смайылов туристерді қашыратын бір түйткілді атады. Ол – дәретхана. Сервистің нашарлығына қатысты шағым көп түседі. Мұны сала министрлігі жеке бизнесті тарту арқылы шешпек.

Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Әкімдіктер дәретхана салады. Бірақ мұнда бір мәселе бар. Мысалы Қайыңдыда туристер көптеп келетін тамаша орындар жетерлік. Дәретханалар салынған, бірақ жұмыс істемейді. Өйткені, толық жабдықтау жүйесіне қосу, су тарту өте қымбат. Енді біз әкімдіктермен және бизнесмендер мен бірлесіп, осы инфрақұрылымды жүргізу амалдарын іздеп жатырмыз.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу