АҚШ Украинаға алыс қашықтыққа арналған М-142 зымыран жүйесін жөнелтуге ақыры келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Украинаға алыс қашықтыққа арналған М-142 зымыран жүйесін жөнелтуге ақыры келісті

01.06.2022

АҚШ Украинаға алыс қашықтыққа арналған М-142 зымыран жүйесін жөнелтуге ақыры келісті. Мұны президент Джо Байден «Нью-Йорк Таймс» газетінде жарық көрген мақаласында хабарлады. Оның сөзінше, артиллериялық қару Киевтің келіссөздердегі позциясын күшейтіп, әскери жанжалды дипломатиялық жолмен тоқтатуға мүмкіндік беруі ықтимал.

Бұл арсенал 70 шақырым жердегі нысанды қирата алады. Украина бұндай жүйені Америкадан көптен беріп сұрап келеді. Алайда, президент Владимир Зеленский онымен Ресей территориясы атқыланбайтынына сендірді. Содан кейін ғана Құрама Штаттар ракетаны ататын қондырғыны Украинаға жіберуге келіскен. Кремль болса, бұл шешімді отқа «май құю» деп атады. Бірер сағат бұрын келіп түскен мәліметке қарағанда, Германия да Украинаға ұшақтарды, тікұшақтарды, қанатты зымырандарды, реактивтік артиллерияны, дрондарды жоятын әуе қорғанысы жүйесін аттандыруға келіскен.

Арыстанбек Рысбек

Хабарламаларға жазылу