Түркия Сирияның солтүстігінде әскери орперация бастауды жоспарлап отыр. Ол науқанның мақсаттарын бүгін мемлекет лидері жариялады. Президент Реджеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше, түрік әскері Сирияның Тал-Рифат және Манбидж аймақтарын лаңкестерден тазартып, араб республикасының теріскейіндегі басқа аудандарда жоспарланған әскери операцияларын біртіндеп жүзеге асырады. Ердоған өткен аптада айтқандай, Түркия өзінің оңтүстік шекарасы бойында 30-шақырымдық қауіпсіздік аймағын құрады. Ондағы мақсаты – Сириялық Күрдістандағы қарулы отрядтарды елден мейлінше алшақтату. Ол содырларды Түркия террористік ұйымдар тізіміне іліккен Күрдістан жұмысшы партиясымен байланыста деп есептейді.
Арыстанбек Рысбек