Сырдария өзенінің арнасынан шығуы Қызылорда облысы Қазалы ауданының бірқатар шаруашылығын шығынға ұшыратты. Табиғи жағдайдан әсіресе, «Шоратай» шаруа қожалығы қатты зардап шекті. Басықара, Құмжиек, Сарыкөл ауылдық округіне қарасты елді мекендерде де мал шығыны көп. Қазір арнайы құрылған комиссия шығынның нақты көлемін анықтап жатыр.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ