Елорадада Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында еліміздің барлық өңірінен 30-дан астам мектеп оқушылары келіп, оларға танымдық экскурсия өткізілді. Шараға арнайы шақырылған оқу озаттары мен зияткерлік және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары әуелі «Ақорда» резиденциясын аралады. Сондай-ақ, Бәйтерек монументіне шықты. Балалар ертең Елорданың басқа да көрікті жерлерін тамашалап, мәдени орталықтарын аралайды.
Сындар Мұратқызы, Нұр-Сұлтан қаласы білім беру жаңғырту орталығы басшысының орынбасары:
Мұндай іс-шаралар балаларымыздың осы елдің азаматы екендігін, олардың болашақта осы ел үшін үлкен рөл атқаратындарына сенім береді.
Ақмаржан Ғафизқызы