Алматыда есту және көру қабілетінен айырылған, дамуында ауытқуы бар балалар мерекелік кеш ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда есту және көру қабілетінен айырылған, дамуында ауытқуы бар балалар мерекелік кеш ұйымдастырды

01.06.2022

Алматыда есту және көру қабілетінен айырылған, дамуында ауытқуы бар балалар мерекелік кеш ұйымдастырды. Балғындар домбыра тартып, ән айтып, қойылым сахналады. Өз қолымен жасаған өнер туындыларынан көрме ұйымдастырды.

Азамат Өтегеннің туғанынан көзі көрмейді. Бірақ, бұл оның қарапайым өмірге бейімделуіне кедергі болған жоқ. Талантты жасөспірім бүгінде хат танып қана қоймай, музыкалық аспаптарда ойнауды меңгеріп алған.

Азамат Өтеген, оңалту орталығының тәрбиеленушісі:

Ал, Әрсен Қызыр көру түгілі ести де алмайды. Айналадағылармен арнайы аппараттың көмегімен сөйлеседі. Жас болса да, мінезді бала қазір компьютер үйреніп жүр.

Бүгінде оңалту орталығында 94 ұл-қыз есепте тұр. Соның 55-і осында оқытылады. Олар балаларды қорғау күні қарсаңында, мерекелік қойылым сахналап, жиналған ата-аналар мен мұғалімдеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Гүлсім Айтқазина, оңалту орталығының қызметкері:

Мүмкіндігінің шектеулі болғанына қарамастан, қолдарынан келгенін, өздерінің талантын сіздерге көрсетіп жатыр. Сіздердің келіп, түсіріп жатқандарыңызға олар қуанып жатыр. Шабыт алды. Рахмет сіздерге.

Қоғамдық бірлестік өкілдері балалармен бірге әр мерекені ерекше атап өтеді. Осылайша олар балғындардың өмірін шаттықта толтыруды көздейді.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу