Елордада ерекше балалар арасында мерекелік ойын-сауық жарысы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ерекше балалар арасында мерекелік ойын-сауық жарысы өтіп жатыр

01.06.2022

Елордадағы паралимпиадалық жаттықтыру орталығында ерекше балалар арасында мерекелік ойын-сауық жарысы өтіп жатыр. Балаларды қорғау күні мерекесіне арналған шараға 50-ден астам бала қатысты. Мұнда ерекше балалардың дамуына арналған түрлі спорттық ойын ұйымдастырылған. Мерекелік шараға келген ата-аналар осындай спорттық ойындар ерекше балаларды әлеуметке бейімдеу мен жеке қабілеттерін ашуға септігін тигізеді дейді.

Нүрия Балтабайқызы, «Аутизм Қазақстан» ҰА төрайымы:

Бүгін жақсы шара өтіп жатыр, біз оған өте қуаныштымыз, себебі осындай балаларды біздің қоғамға бейімдеу, үйрету, жалпы коррекциялық жұмыс жүріп жатыр. Бізге осындай шаралар өте қажет. Себебі біздің балалар ерекше болғандықтан, көбінесе үйде отырып қалады. Шараларға көп бара бермейді. Осындай шара көп болса, біз қуанамыз.


Хабарламаларға жазылу