Оралдық шенеуніктер 200-ге жуық отбасыны тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарып тастаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдық шенеуніктер 200-ге жуық отбасыны тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарып тастаған

01.06.2022

Оралдық шенеуніктер 200-ге жуық отбасыны тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарып тастаған. Олар негізінен жетімдер мен көпбалалы отбасы. Ал осы азаматтарға тиесілі баспана пәтерге мұқтаж емес тұрғындарға кезектен тыс берілген.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді. Сондай-ақ мыңнан астам адам баспанасы бола тұра, тұрғын үй кезегінде заңсыз тұрған. Салдарынан 132 млн теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған.

Айта кетейік, шаһарда 27 мыңдай адам үй кезегінде тұр. Әшкере болған бұл әрекеті үшін мемлекеттік қызметкерлерге қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу