Жапонияның Окинава аралын алапат тасқын жайлады. 300 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Тағы 200 мыңдай адам эвакуацияланады.
Ауа-райы мамандарының болжамына сай, Окинаваның орталық және оңтүстік бөліктерінде бүгін де жаңбыр жауып, тасқын жүреді. Теңізде көтерілген толқын биіктігі 2 метрге жетуі мүмкін. Сонымен бірге құйын көтерілуі ықтимал деген ескерту жасалды.