Ата Заңның 19 жылдығына орай қайырымдылық шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата Заңның 19 жылдығына орай қайырымдылық шарасы өтті

28.08.2014
Ата Заңның 19 жылдығына орай  қайырымдылық шарасы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астана қалалық әкімдігі қайырымдылық акциясын  өткізді.

Бұл шара Ата Заңның 19 жылдығына арналды. Негізгі Заңда еліміздің азаматтары тарихи, мәдени мұраны сақтауға міндетті делінген. Ал,  қарияларды құрметтеу - қазақ салтында мәдениеттің биік шыңы.

Қарттар мен мүгедектерге бүгін құрмет көрсетілді, жылы лебіздер айтылып, арнайы сыйлықтар үлестірілді.

Ал, қарттар арнайы ұйымдастырылған концертті тамашалап, шат-шадыман күйге бөленді.

Хасан Шарипов, өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары:

Жастарымызға қарияларды естен шығармауды, құрметтеуді үйретеміз. Біз қариялардан тәрбие алуымыз керек. Жастар қарияларды қарттар үйіне алып келмей, өздері қарауы керек.  

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу