Елімізде өтетін жалпыхалықтық референдумға 5 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде өтетін жалпыхалықтық референдумға 5 күн қалды

31.05.2022

Елімізде өтетін жалпыхалықтық референдумға 5 күн қалды. Ата заңға енгізілетін өзгерістерде халықтың да ой-пікірі мен ұсыныстары ескеріледі. Сондықтан Мәжіліс депутаттары ауыл-аймақты аралап, алдағы өтетін референдумның маңыздылығын өңір тұрғындары арасында насихаттап жүр. Жамбыл облысына барған Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесті. Көпшілікпен пікір алмасып, айтылған ұсыныстар тыңдалды. Жалпы елімізде Конституцияны өзгертуге қатысты Президент ұсынған республикалық референдум ел тарихында екінші рет өткелі отыр. Яғни Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізіледі. 2 бөлімнің атауы өзгереді. Сондықтан ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу - әрбір азаматтың басты борышы, деді Мәжіліс депутаты.

Мейрамбек Төлепберген, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Кез келген қоғамда, әсіресе дамыған қоғамда, халықтың сенімі, көпшіліктің пікірі қоғамның үні деген ерекше маңызды. Осы орайда референдумды халықтың ашық пікіріне сүйеніп шығаруын,көпшілік өздері де қолдап отыр. 


Хабарламаларға жазылу