Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

31.05.2022

Қытайлық тарап Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтарудан бас тартты. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Қытай Халық Республикасы Әділет министрлігінің жауабында: «шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз сотталғандықтан, осындай шешім қабылданды» делінген. Дегенмен Бас прокуратура «үміт үзбейміз» деп отыр.

Айта кетейік Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін екенін оның адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов айтқан болатын. Ал Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты күдікке ілінген нигериялық азаматқа халықаралық іздеу жарияланған.


Хабарламаларға жазылу