Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген Ақкөл өңірі тарихи ескерткішпен толығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген Ақкөл өңірі тарихи ескерткішпен толығады

28.08.2014
Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген Ақкөл өңірі тарихи ескерткішпен толығады

Алаштың арысы Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген Ақкөл өңірі тағы бір тарихи ескерткішпен толығады.

Ақкөл  Қостанай облысындағы Жанкелдин ауданының аумағында орналасқан.  

Бұған дейін, осындағы ескі қоныс орнында Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген қоржын үй қалпына келтірілген болатын. 

Енді  ұлт ұстазына алғаш рет арабша әріп танытып, сауатын ашқан Тұрғынбек Жалбырұлына ұрпақтары ескерткіш тақта орнатпақ.

Ескерткіш тақта Тұрғынбек Жалбырұлының өзі салып, бала оқытқан мешіт ғимаратының орнына қойылады.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу