Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандарды еске алды. Шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты. Мемлекет басшысы Хазірет сұлтан мешітінде болып, онда саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу дұғасы оқылды.
Раушан Сайлауқызы