Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке 300 миллион теңге шығын келтірді. Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері істелмеген жұмыстар үшін өтірік есеп құжаттарын дайындаумен айналысқандарды анықтады. Бұл мақсатта 7 жалған фирма құрылып, 2018-2022 жылдар аралығында олардағы ақша айналымы 2 миллиард теңгеден асып кеткен. Салдарынан бюджетке 300 миллион теңге салық түспеген. Бүгінгі таңда қылмыстық ұйымға қатысты іс толық тергеліп, сотқа жіберілді.
Руслан Нұрланұлы