Зардап шеккендер бар.
Ержан Жақып, тілші:Жол-көлік оқиғасы кеше кешке таман болған. Морозова көшесінен Алтай көшесіне бұрылған «KIA» маркалы көліктің 86 жастағы жүргізушісі басты жолда кетіп бара жатқан жедел жәрдемге жол бермеген. Нәтижесінде соқтығысып жол шетіне шығып кетіп, ағашқа соғылған. Көлік оқиғасының салдарынан 4 адам түрлі дене жарақатын алған. Олар жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің ақпаратынша олардың жағдайы бірқалыпты. Көлік апатына қатысты сараптама тағайындалып, тексеру жүргізіліп жатыр.
Ержан Жақып