Балқаш гарнизонында офицер жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш гарнизонында офицер жараланды

31.05.2022

Балқаш гарнизонында қару қолданудың қауіпсіздігін сақтамаған офицер жараланды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше оқиға 30 мамырда болған. Ауыр жараланған әскери қызметкерге алғашқы көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер қазір оның жағдайы ауыр дейді. Қазір оқыс оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Офицердің не себепті оққа ұшқанын анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеуде.

Cәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу