Ақмолада қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмолада қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары кездесті

30.05.2022

Ақмола өңіріндегі қуғын-сүргін қасіреті. Бүгін осындай тақырыппен Ұлттық кітапханада ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара барысында қуғын-сүргінге ұшыраған имамдардың өмірі мен еңбектері көпшілік қауымға таныстырылды. Одан бөлек саяси репрессияға ұшырап, тағдыр тәлкегімен тамыры ажыраған боздақтардың ұрпақтары қауышты. Жиналғандар ақтаңдақтарға құран бағыштап, қуғын-сүргін жылдары туралы тың деректерді бөлісті. Шараға сенат депутаттары, ғалымдар мен зерттеушілер, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары қатысты:

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Өкінішке орай көптеген архив деректері жойылған кезінде. Сосын мына Өзбекстанда, Ресей Федерациясында, біздің Қазақстан тарихына қатысты деректердің көбісі әлі ашылған жоқ. Соларды алу, ашу, зерттеу, зерделеу мәселелерінің барлығы да күн тәртібінде тұр.


Хабарламаларға жазылу