55 мыңға жуық жалған АҚШ доллары айналымға еніп кеткен. Оны жасаған топқа қатысты қылмыстық іс аяқталды. Қитұрқы әрекетке төрт адамның қатысы бар. Бәрі 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Олар жалған ақшаны валюта айырбастау пункттері, банкоматтар және букмекерлік кеңседегі жеке шоттарын толтыру арқылы пайдаланған.