Референдумда халық жақтап дауыс берсе, Ата заңдағы 7-ші бөлімнің атауы «Соттар және сот төрелігі. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» деп өзгереді.
Қолданыстағы редакцияда аталған бөлім «Соттар және сот төрелігі» деп аталады. 78-ші баптағы «Кеңеске» сөзі «Сотқа» деп өзгертіледі. 82-ші баптың 4-ші және 5-ші тармақтарына енгізілетін өзгерістерге сәйкес, Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасын Сенаттың келісімімен Президент тағайындайды.
Сонымен қатар Жоғарғы Сот Кеңесінің мәртебесі, құрамын жасақтау және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді. Конституцияға енгізілетін өзгерістердің тағы бірі – Прокуратураның құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен айқындалады. Қолданыстағы редакцияда «заңмен белгіленеді» деп жазылған. Бұл 83-ші баптың 4-ші тармағына енгізілетін өзгеріс.
Дарын Сағитов