Түркістан облысында медицина мекемелерінен ақша бопсалап келген екі тұрғын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында медицина мекемелерінен ақша бопсалап келген екі тұрғын ұсталды

30.05.2022

Олар Мақтаарал және Жетісай аудандарында орналасқан ауруханалар мен емханалардың қаржылық қызметі туралы мәліметті таратпас үшін ақша талап еткен. Бопсалаушылар мекеме абыройына нұқсан келтіретін мәліметтерді жария етіп, бақылаушы органдардың жоспардан тыс тексеруін ұйымдастырамыз деп қорқытқан. Сөйтіп басшылығынан 32 миллион теңге талап еткен. Аталған медицина мекемесінің өкілі полицияға арызданған. Облыстық Полиция департаментінің криминалды полиция басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері арнайы операциясы жүргізіп, күдіктілердің бірін Жетісай қаласындағы дәмханалардың бірінде 32 млн теңге алу кезінде ұстады. Ол Жетісай қаласының тұрғыны. Сезіктінің сыбайласы Шымкент қаласынан ұсталған. Ол Мақтаарал ауданының тұрғыны. Бүгінде екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 Сұлтанбек Үсіпбеков, Түркістан облыстық ПД криминалды полиция басқармасының бастығы:
Қазіргі таңда аталған тұлғаларға ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-ші тармағы яғни «Аса ірі мөлшерде бопсалау» дерегімен қылмыстық іс тергеп-тексеру жүргізілуде.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу