Елордада терезеге құлаған құрылыс кранының иесі айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада терезеге құлаған құрылыс кранының иесі айыппұл төлейді

30.05.2022

Елордада алтыншы қабыттың терезесіне құлап кеткен кранның иесі жауапкершілікке тартылды. Тергеу нәтижесі көрсеткендей кранының жүк көтергіш шектегіші мен сенсоры істен шығып қалған. Енді ауыр техниканың иесі қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл төлейді. Еске сала кетейік 28 сәуірде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс краны «Көркем Тауэр» Тұрғын үйінің 6 қабатындағы терезесін сындырған болатын.

 Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу