Оқиға Ақжайық ауданы Алмалы ауылында болған. Жасөспірім ауылдан үш шақырым жердегі Жайық өзеніне шомылуға барған. Бірақ тыйым салынған жерде суға түскен. Құтқарушылар сол күні кеш батқанша баланы іздеген. Өкінішке қарай, марқұмның денесі тек таңғы сағат 7-де оқиға болған жерден 50 метр қашықта табылған. Бұл – биыл бірінші рет болып отырған оқиға. Былтыр аймақта 24 адам суға кеткен, оның 8-і балалар.
Ардақ Мұратқызы