Елордада екі бала суға батып кетті. Іздеу жұмыстарына кіріскен төтенше жағдай департаментінің мамандары су жағасынан киімдерін тауып алған. Кейін құтқарушылар су ішінен екі баланың денесін алып шықты. Оқиға кеше түскі уақытта болған. Балалар шомылуға тыйым салынған жерге түскен. Құтқару қызметінің мамандары әсіресе жазғы уақытта қауіпсіздік ережесін сақтап, балаларды қараусыз қалдырмаған жөн дейді. Елордада тек үш орында шомылуға рұқсат етілген. Олар орталық саябақ, «Три пескаря» және «Столичный двор» демалыс аймағы.
Раушан Сайлауқызы