Қарағандыда тау-кен өндірісі, геологиялық барлау салаларына жаңа технологияларды енгізу бойынша халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген компания өкілдері жаңа жобалары мен құралдарын көрмеге қойды. АҚШ пен Еуропа елдерінің ғалымдары, озық техникалық жоба жетекшілері тау-кен, геобарлау бойынша ортақ проблемаларды талқылады.
Енді жоғары оқу орындары да бұл отандық компаниялармен тығыз қарым-қатынаста болады. Түлектер кедергісіз тәжірибеден өтуі үшін екіжақты меморандумға қол қойылды.
Арнат Салқынов, Конференцияны ұйымдастырушылар алқасының төрағасы:
Көп байқайтынымыз ғылым мен өндіріс сабақтаса алмай, бір-бірін түсініспей жататын. Сол мақсатта жақсы, жоғарғы нәтижелерге жету басты мақсатымыз болатын. Барлау жұмыстарынан бастап, соны игеруге дейінгі кезеңдерді қамтамасыз етіп жатырмыз.
Руслан Нұрланұлы, Бекзат Сәбитұлы