Алматыда студенттер конституциялық реформаларды талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда студенттер конституциялық реформаларды талқылады

27.05.2022

«Екінші республика немесе Жаңа Қазақстан халық үшін не береді?».

Алматыда студенттер осындай тақырыппен конституциялық реформаларды талқылады. Шара дебат форматында өтті. Жастар елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуы үшін конституциялық реформалардың маңызын сөз етті. Сондай-ақ Конституцияны жетілдіру туралы өз пікірлерін білдірді.

Елдос Құрманжан, Халықаралық білім беру корпорациясының і курс студенті:
Жаңа Қазақстан, екінші мемлекет деп жатырмыз. Жастардың ол жайлы мәліметтерді көп білмеуі қазіргі мәселе. Және салғырт қарауы. Және біз дебат арқылы жастарға үлгі, өнеге болсын деп осындай кішігірім кештерді өткізіп жатырмыз.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу