Өңірлердегі сайлау учаскелерінің дайындығы пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлердегі сайлау учаскелерінің дайындығы пысықталды

27.05.2022

Еліміздің әр аймағында 5 маусым күні өтетін жалпы халықтық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері пысықталуда. Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Жамбыл облысындағы сапарында жергілікті атқарушы орган өкілдерімен кездесу өткізді. Бірқатар сайлау учаскелерімен танысты.

Ел тарихында халықтық талқылау алғаш және соңғы рет 1995 жылы өткізілген. Сондықтан мемлекет тарихындағы елеулі оқиғаны өткізуде аймақтардың дайындығы маңызды. Өңірлерді аралаған орталық референдум комиссиясының хатшысы сайлау учаскелерімен танысып, жергілікті комиссия мүшелерімен пікір алмасты. Онда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдайды қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұдан бөлек әр учаскеде ақпараттық метериалдардың жеткілікті болуын қадағалау керектігін атап өтті.

Мұхтар Ерман, Орталық референдум комиссиясының хатшысы:
Осы семинардың аясында заңнамаларды түсіндіру, басқа да референдумға қатысты мәселелерді қозғап жатырмыз. Ең басты мәселе -  референдум болған күні қатысушылардың барлық жағдайын жасау.


Хабарламаларға жазылу