Еділ Жаңбыршин маңғыстаулықтармен кездесіп, референдумның маңыздылығын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еділ Жаңбыршин маңғыстаулықтармен кездесіп, референдумның маңыздылығын айтты

27.05.2022

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық «Теміржолы» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Референдумның маңыздылығын айтып, әр баптың өзгерісіне жеке-жеке тоқталды. Қатысушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ дауыс беру ережелері мен шарттарын түсіндіріп, теміржолшыларды саяси шарада белсенділік танытуға шақырды.

Болат Дүйсәлиев, Маңғыстау темір жолы «Аманат» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы: 
Референдумнан бұл өзгерістерден әділдік пен теңдікті күтеміз. 
Зәуре Қосымбаева, теміржолшы: 
Халықтың санасы бұрынғыдай емес, көп өзгерген.  Теміржолшылар бұл референдумға қатысты оң пікірлерін білдіріп жатыр. Сондықтан баршамыз референдумды қолдап дауыс береміз. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу