Депутат Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстандағы зауыт жұмысшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстандағы зауыт жұмысшыларымен кездесті

27.05.2022

Мәжіліс депутаттары халықпен кездесіп, референдумның маңыздылығы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Солтүстік Қазақстанға барған халық қалаулысы Дмитрий Колода Киров атындағы зауыт жұмысшыларымен кездесті. Аталған ұжымда 500-ге жуық адам еңбек етіп жүр. Жиынға қатысушылар депутаттан Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен референдум өткізілуінің тәртібі жайында сұрап білді. Көпшілікті әсіресе басқару жүйесіне енгізілетін жаңашылдықтар мен облыс әкімдерін сайлау мәселесі қызықтырды.

Сайлаубек Мусин, зауыт жұмысшысы: 
Қазақстаннңың барлық қазба байлықтары – халыққа тиесілі. Конституцияға өзгертулер енгізілсе, біз оны өзіміз басқаруға құқылы боламыз. Бұл жаңашылдық халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартады. Референдум өткізу – қажеттіліктен туындап отыр. Киров атындағы зауыт ұжымы саяси науқанға біріміз қалмай қатысамыз деп уәделестік. 

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу