Батыс Қазақстан облысына келген Cенаторлар кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, саяси реформалардың мәнін түсіндірді. Әр дауыстың рөлін атап өтіп, референдумның маңызын баса айтты. Олар аймақтағы ірі зауыттардың тыныс-тіршілігімен де танысты. Өңір басшылығы, кәсіпкерлермен бірге «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының жүзеге асуы, жол, көлік инфрақұрылымының жай-күйін талқылады.
Бауыржан Каниев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:Халыққа бірінші ұнағаны – әкімдерді сайлау. Бұрын Президент бір әкімді ұсынса, мәслихат хатшылары сайлайтын еді. Қазір кем дегенде екі адамды облыс әкімі ұсынады. Соны мәслихат депутаттары сайлап алады. Бірінші рет ауыл әкімдерін сайлау басталды. Енді екінші кезеңде 2024 жылы аудан әкімдері сайланады. 2025-2026 жылдары облыс әкімдері сайланады. Бұл да халықтың сұрап жүрген жағдайы. Түзетулердің 30 пайызы халықтың көкейінде жүрген өзгерістер.
Ардақ Мұратқызы