Қос ғұламаның рухани тамырластығын насихаттайтын шараға Ұлыбритания, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Ислам Ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің ғалымдары қатысты. Мақсат - Шығыс өркениеті аясында түркі және ислам әлемі халықтарының тарихы мен мәдениетін насихаттау. Мұхаммед Иқбал - ХХ ғасырдағы ислам әлемі жаңғыру дәуірінің бастауында тұрған ойшыл, әрі ақын. Жиын аясында Әл-Фараби мен Иқбал сынды ағартушылардың жаһандық ғылымға қосқан үлесі сөз болды.
Мұхаммад Рафик Ул Ислам, профессор /Пәкістан/:Әлемге аты мәшһүр қос тұлға әр кезеңде өмір сүрсе де, екеуінің бүгінгі қоғамда алар орны айырықша. Екеуінің рухани ұқсастығы көп. Бүгінгі форумда Әл-Фараби мен Иқбалдың философиясы, даналығы мен адамзат тарихындағы өлшеусіз еңбектерін атап өттік. Бұл - жастар үшін тағылымды дүние екені анық.
Жазира Оразқызы