Былтыр елімізде 21 мыңнан астам интернеттегі алаяқтық дерегі тіркелді. Ал биыл екі мыңдай адам олардың арбауына түсіп қалған. Бұл туралы криминалдық полиция департаментінің мамандары мәлімдеді. Қазір киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық бағдарлама жұмыс істеп жатыр. Онлайн-несиелерді тек биометриялық сәйкестендіру және электронды қолтаңба арқылы рәсімдеу жолға қойылған.
Серік Шалқаров, Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары:Осы мәселе бойынша қазір екі топ ұсталып отыр. Олар Қарағанды облысында және Алматы, Шымкент қалаларында қазір жұмыс жүргізіліп жатыр.
Сәбит Әлдебай