Қарағандыда тарихи жәдігерлердің табылуына суырлар себепші болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда тарихи жәдігерлердің табылуына суырлар себепші болды

27.08.2014
Қарағандыда тарихи жәдігерлердің табылуына суырлар себепші болды

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үлгі ауылы маңындағы Қарақойтас қорымынан қола, ерте темір дәуірлеріне және түркі кезеңіне жататын тарихи құнды жәдігерлер табылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі өкілдеріне көне зираттан суырлар шығарып тастаған әлдеқандай заттар шашылып жатқаны жөнінде жергілікті малшылар хабар берген.

 Ізінше жазғы далалық барлау жұмыстары аясында зерттеуге археологиялық топ жіберіліп,олар олжалы оралды. Біздің дәуірімізге дейінгі 9-10 ғасырларға және біздің дәуірдегі 7-8 ғасырларға тиесілі тарихи жәдігерлер қазір мәдени мұра есебінде мемлекеттік қорғауға алынған.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу