Бүгін Елордада «Алтын күн» 5-балалар патриоттық әндер фестивалі мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Елордада «Алтын күн» 5-балалар патриоттық әндер фестивалі мәресіне жетті

26.05.2022

Бүгін Елордада «Алтын күн» 5-балалар патриоттық әндер фестивалі мәресіне жетті. Байқауға өтініш қабылдау осыдан бір ай бұрын басталған. Іріктеу кезінде өтініш қалдырған 50 қатысушының ішінен финалдық сайысқа 27-сі өткен. Сондай-ақ, фестивальге 6 жастан 16 жасқа дейінгі этномәдени бірлестік ұжымдарының мүшелері мен мектеп оқушылары қатысты. Арнайы- балалар жылына орай өткізілген шараның негізгі мақсаты - патриоттық тәрбиені насихаттау және дарынды балаларға қолдау білдіру, - дейді ұйымдастырушылар.

Балгүл Мәмен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ресми өкілі:

Бұл шарадан кейін финал жеңімпаздары басқада байқауларға мүмкіндік алады. Яғни, бұл қалалық деңгейде болса, енді алдағы уақытта рсепубликалық байқауларға қатысуға мүмкіндік алады. Жеңімпаздарға бірінші, екінші, үшінші орындары бойынша бағалы сыйлықтар табысталады.


Хабарламаларға жазылу