Павлодарда мұнай-химия өндірісіне қажет құралдар шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мұнай-химия өндірісіне қажет құралдар шығарылады

26.05.2022

Павлодарда мұнай-химия өндірісіне қажет құралдар шығаратын зауыт іске қосылды. Мұнда негізінен жылу алмастырғыш, ауа салқындатқышы, қысыммен жұмыс істейтін сауыттар сынды өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жабдықтар жасалады. Америка, Швейцария, Германия және Ресей технологиясы қолданылады. Әзірге 75 адам жұмыс істейді. Таяу уақытта олардың саны үш есеге дейін көбеймек. Сондай-ақ жергілікті ғалымдардан конструкторлық топ жасақталады. Мақсат өндіріс пен ғылымды ұштастыру арқылы импортты ығыстыру.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу