30 тамыз күні Алматыда Конституция мерекесіне орай, веложарыс өтеді.
Жарыс сағат 08.00-де «Сұңқар» халықаралық шаңғы-трамплин кешенінен басталып, Орталық стадион аумағында мәресіне жетпек.
Спорттық шараға байланысты «Сұңқар» халықаралық шаңғы-трамплин кешенінен әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшесіне, Абай даңғылынан Орталық стадионға дейін көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.