Депутат Айқын Қоңыров: Жер мемлекеттің емес, халықтың меншігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат Айқын Қоңыров: Жер мемлекеттің емес, халықтың меншігі

26.05.2022

Республикалық референдум аясында Конституциямыздың 33 бабына өзгертулер енгізіледі. Бұл мемлекеттің болашағын халықтың өзі айқындауына жол ашатын негізгі қадам,-дейді Қазақстан халық партиясының өкілдері. Бүгін осы партия атынан Парламент Мәжілісіне сайланған депутат Айқын Қоңыров Қарағандыға барып, көптің референдумға қатысты сұрақтарына жауап берді. Ата заңның үштен бір бөлігі жаңарады. Әсіресе, жер, оның қойнауы, қазынасы халықтың меншігі деп заңға өзгеріс енуі келешек ұрпақ үшін аса маңызды.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біздің отандастарымызды толғандыратын негізгі мәселелердің бірі ол жерге қатысты. Жер мемлекеттің емес, халықтың меншігі. Сәйкесінше оның асты мен үстіндегі байлықтың барлығы халықтың дәулеті болып есептеледі. Бұл мәселелер біздің партияның негізгі құжатында кеңінен қамтылған. Мемлекет басшысының кешенді саяси реформаларын, тың бастамаларын біздер толық қолдаймыз.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу