14 мамырдан бастап утиль алымның мөлшерлемесі 50%-ға төмендетілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

14 мамырдан бастап утиль алымның мөлшерлемесі 50%-ға төмендетілген

25.05.2022

Утилизациялық алымды 14 мамырдан кейін ескі мөлшерлеме бойынша төлеген азаматтардың артық сомасын қайтарып алуға мүмкіндігі бар. «Жасыл даму» компаниясы өтініш қабылдауды бастады. Ол үшін E-otinish электрондық жүйесі арқылы цифрлық қолтаңбамен есепшот реквизиттерін көрсету маңызды. Құжаттарды утилизациялық алым бойынша операторға офлайн өткізуге де болады. Толық ақпаратты 64-81-00 байланыс нөмірі арқылы анықтау қажет. Артық ақшаны алу туралы өтініштер 3 күн ішінде қаралады. Еске салайық, 14 мамырдан бастап утиль алымның мөлшерлемесі 50%-ға төмендетілген. Сондықтан бұрынғы мөлшермен төлеген тұрғындарға «Жасыл даму» қайта есептеу жүргізуге міндетті.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу