Доллар тағы 2 теңгеге арзандап, қор биржасында 415 теңге 12 тиынға теңесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доллар тағы 2 теңгеге арзандап, қор биржасында 415 теңге 12 тиынға теңесті

25.05.2022

Доллар тағы 2 теңгеге арзандап, қор биржасында 415 теңге 12 тиынға теңесті. Америка ақшасы валюта айырбастау орындарында 415-418 теңгеге сатылып жатыр. Сонымен ұлттық валюта бір айда 33 теңгеге нығайған. Нарықта рубль құны да өсіп жатыр. KASE-де 7,4 теңгеге саудаланды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров теңге құнының өсуіне шетел валютасына сұраныстың азаюы себеп болғанын айтты. Сонымен бірге үкіметте белгіленген болжам алдағы статистиканы ескеріп, қайта жаңаруы мүмкін екенін жеткізді. Ұлттық банк сәуірде интервенция жүргізген жоқ. Дегенмен бұған дейін теңгені нығайтуға 1,4 млрд доллар жұмсаған еді.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Күн сайын жағдай өзгеріп жатыр ғой. Үкіметтің болжамы ресми түрде 460 теңге. Бірақ теңгенің құны қазір жақсарды. Оның бір себебі түскен ажиотаж. Басында болған ажиотаж түсті. Жарты жылдың қорытындысы бойынша статистиканы қарау керек. Оның нәтижесінде біз болжамды нақтылаймыз.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу